ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: БӘРІ БАЛА БОЛАШАҒЫ ҮШІН

Уақыты: 09.06.2019
Оқылды: 1147
Бөлім: САЯСАТ

Талғар ауданы бойынша 76 сайлау учаскесі бар. Мұнда барлығы 149801 сайлаушы өз таңдауын жасауды бастап кетті. Талғар қаласындағы №1 орта мектепте орналасқан сайлау учаскесіне Талғар ауданының әкімі Рыскелді САТБАЕВ та барып, өз таңдауын жасады.

"Бұл күнді отбасымызбен асыға күттік. Себебі, әрбіріміздің дұрыс шешім жасауымыз біздің балаларымыздың болашағы үшін маңызды", - дейді Талдыбұлақ ауылындағы №34 орта мектептегі сайлау учаскесіне дауыс берген көпбалалы ана Айман Қонайқызы.

Аудан тұрғындары саяси маңызға ие сайлау науқанына белсене қатысуда. Солардың бірі - қазақстандықтар үшін тарихи маңызға ие саяси науқанды асыға күткен Никита Борисов 824 сайлау учаскесіне барып, алғашқы болып өз дауысын берді. Белсенді жас Қазақстанның болашағына әрбір тұрғын бей-жай қарамау керектігін алға тартады.

Ұлбосын ИСАБЕК

Фото - автор

Талғар ауданы