ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ҚАЛЫС ҚАЛМАУ ҚАЖЕТ

Уақыты: 09.06.2019
Оқылды: 1157
Бөлім: САЯСАТ

Өтенай ауылдық округіне қарасты Мойнақ ауылының тұрғындары өз таңдауын жасауда. Аталмыш елді мекенде 731 адам дауыс бере алады. Таңнан таласа таңдау жасауға ағылған жұрттың қарасы түс ауса да әлі үзілген жоқ.

Сайлау барынша әділ өтуде. Бұл туралы №1022 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Мусекенова:

- Әр қазақстандық сайлауға қатысу арқылы Отанының адал перзенті екенін танытады. Ел болашағын айқындайтын айтулы сәттен ешкім қалыс қалмауы керек. Осы тұрғыда бұл елді мекен тұрғындарының белсенділігіне тәнті екенімізді айта кеткен жөн, - дей келе, сайлау барысында заңбұзушылық әрекет тіркелмегенін жеткізді.

Өз кезегінде аталмыш сайлау учаскесіндегі тәуелсіз бақылаушы Майрагүл Райс егемен елдің ертеңін нұрландырар тұлғаны таңдауда әр тұрғынның дауыс беруі маңызды екенін, бұл тұрғыда мойнақтықтар ыждаһаттылықпен науқанға қатысып жатқанын жеткізді.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Фото - автор

Талдықорған қаласы