ҚҰРМЕТТІ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Уақыты: 19.03.2024
Оқылды: 416
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

2024 жылғы 29 наурызда сағат 10:00-де Талдықорған қаласы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сарқытбай Зәкірұлы Құсаиновтың халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Барлықтарыңызды ашық диалогқа шақырамыз.

Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары, сондай-ақ облыс орталығына келуге мүмкіндігі жоқ азаматтар іс-шараға бейне-конференц байланыс (аудандық және қалалық әкімдіктерде тікелей қосу ұйымдастырылады) арқылы қатыса алады.

Өткізілетін күні мен уақыты: 2024 жылғы 29 наурыз, сағат 10:00-де. Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Назарбаев көшесі, 67, Мәдениет сарайы.

Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі