Жетісу полициясы студенттер мен кадеттерге ашық есік күнін ұйымдастырды

Уақыты: 20.03.2024
Оқылды: 506
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу полицейлері студенттер мен кадеттерге арнап ашық есік күнін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық департаменттің полицейлері Талдықорған қаласының студенттері мен кадеттеріне арналған  ашық есік күнін ұйымдастырды. Студенттер үшін департаменттің әкімшілік ғимаратына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Мектеп оқушылары екі мыңнан астам тарихи маңызды жәдігері жинаған Жетісу полициясының мұражайына ерекше қызығушылық танытты. Мұражай аты аңызға айналған Жетісу генералы Әбдіқадыр Болсамбековтің есімімен аталады. Музей бірнеше залдарға бөлінген. Олардың әрқайсысында 1917 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі өлкендегі құқық қорғау жүйесінің қалыптасу тарихының кезеңдері көрсетілген.

Мұражайда Қазақфильм киностудиясында түсірілген әйгілі “Атаманның ақыры” және “Транссібір экспресі” фильмдерінің прототиптері болған, аты аңызға айналған Жаркент полицейлері К.Чанышев пен М.Ходжамьяров туралы баяндайтын сирек кездесетін экспонаттар бар.

Алғашқы милиционерлер мен ҰОС қатысушылары туралы, қазіргі полиция қызметкерлерінің қызметімен тығыз жанасатын көп оқиғаларға қатысты, сондай-ақ қазіргі кезеңдегі үкіметтік наградалармен марапатталған батырларға қатысты экспонаттар да аз емес.

Іс-шара барысында балаларға департаменттің қару-жарақ мұражайымен танысуға мүмкіндік берілді.

– Бүгін балалар қару-жарақтың жекелеген түрлерін және полиция қызметкерлерінің киімдерін, тарихи құжаттарды, фотосуреттерді және басқа да қызықты экспонаттарды өз көздерімен көрді. Әсіресе балаларды Мәскеу шайқасы бейнеленген диорама таң қалдырды. Диорама арқылы олар біздің жауынгерлеріміздің барлық күш-қуатын таныды. Қару-жарақ залы оқушылардың ерекше қызығушылығын оятты, онда балалардың назарына атыс қаруының бірнеше түрлері ұсынылды. Мұражайда әр түрлі санаттағы 85-тен астам қару-жарақ жиналған. Көптеген экспонаттар келушілер үшін қызықты болды, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД музейінің меңгерушісі Мәдина Болсамбекова.

Өткізілген экскурсиядан кейін облыстық департаменттің шеру алаңында студенттерге жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қойылымы ұйымдастырылып, сондай-ақ олардың қару-жарақтары мен жабдықталуы көрсетілді.