ӨЗ ҮЙІНДЕ ЗАҢСЫЗ ДӘРІ САТҚАН ЗЕЙНЕТКЕР ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 09.07.2020
Оқылды: 1397
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері заңсыз дәріхананың қызметін әшкерледі. Алматы облысы полиция депарматентінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта заңсыз дәрі сатқан әйел 63 жастағы екені жазылған.

Зейнеткер Алматы облысы Кербұлақ ауданы Алтынемел ауылындағы жеке үйінде дәрі-дәрмек сатумен айналысқан. Тергеу барысында ауыл тұрғынының үйінде заңға қайшы қызмет көрсетілген.

- Қолдан жасалған «дәріхана» сөресінде дәрі-дәрмектің кез-келген түрін табуға болады. Заңсыз дәріхана қызметін  ұйымдастырған әйелдің лицензиясы мен рұқсат құжаттары болмаған, яғни, медициналық қызмет көрсетуге еш құқығы жоқ екені анықталды. Алыпсатар әйел аудандағы дәріханалардың бірінен дәрілерді сатып алып, ауыл тұрғындары ұсынып отырған. Тәртіп сақшылары тексеру барысында саудагердің бұған дейін қораптармен сатып алған 60 жуық дәрі-дәрмектің түрін тәркіледі, - дейді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Аталған дерек бойынша тиісті шаралар қабылданып, кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"