СОЛ БАЯҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ: ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ ӘКІМІ СОТТАЛДЫ

Уақыты: 20.12.2021
Оқылды: 1251
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Талғар ауданының бұрынғы әкімі сотталып, оған 60 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Ауданның экс-әкімі және оның сыбайласы сумен жабдықтау жүйесіне қатысты пара алу күдігіне іліккен. Бұл туралы "Жетісу" газеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

"Ағымдағы жылы Талғар аудандық сотының үкімімен Талғар ауданының бұрынғы әкімі Серікжан Ерекешев сотталып, оған 59,4 млн.теңге айыппұл салынды. Осы үкіммен Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Асқар Шамаев та 29,7 млн.теңге айыппұлға сотталды. Аталған лауазымды тұлғалар ЖШС директорынан сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және ЖШС-ны мемлекеттік қызметтерді жосықсыз жеткізуші деп тану туралы сотқа талап-арыз жібермеу үшін 2 млн.теңге сомасында пара алуда күдікке ілінген. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің ресми хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"