ТАЛҒАРДЫҢ 37 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ БӨТЕЛКЕЛЕСІН ПЫШАҚТАП ТАСТАДЫ

Уақыты: 01.01.2022
Оқылды: 1303
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Талғар ауданының полиция басқармасына жергілікті ауруханадан 34 жастағы азаматтың бірнеше дене жарақатымен ауруханаға түскені туралы хабарлама берілді.

- Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің талаптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істің мән-жайын анықтау барысында 37 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қылмыс орны мен күдікті азаматтың тұрғылықты жерін тінту кезінде оның қылмысқа қатыстылығын дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар табылды, - деді Талғар аудандық полиция бастығы, полиция полковнигі Жамболат Зиадин.

Полиция өкілінің ақпаратына сәйкес, қылмыс құралы ретінде асүй пышағы тәркіленіп, айғақзат ретінде іс материалдарына тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полицейлер қылмыстың мән-жайын анықтау шараларын жүргізіп жатыр.

Алдын ала тергеу барысында күдікті мен зардап шегуші өзара таныс екені және қылмыс орын алған күні екеуі қосылып, ішімдік ішкені белгілі болды. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, таныстар арасындағы сөзге келіспеушіліктің соңы ауыр қылмысқа әкеліп соққан.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"