АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ВАКЦИНАЦИЯ БОЙЫНША СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ ЖАРИЯЛАНДЫ

Уақыты: 07.07.2021
Оқылды: 1014
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысының тұрғындары арасында вакцинация бойынша соңғы мәлімет жарияланды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Бірінші компонентпен – 365 411 адам егілді, екіншісімен – 216 981. Вакцинацияланғандар арасында – мемлекеттік қызметкерлер – 10 843, медицина қызметкерлері – 21 884, педагогтар – 35 847, БАҚ – 129, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қан тамыр жүйесі) – 2677 және басқа да қызмет салалары бойынша 254 416 адам бар.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан