ІНДЕТ УШЫҒЫП, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАЙТАДАН "ҚЫЗЫЛ АЙМАҚҚА" ӨТТІ

Уақыты: 19.07.2021
Оқылды: 1437
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Өткен тәулікте Алматы облысында 126 адамнан коронавирус анықталды. Індеттің ушығуына байланысты Алматы облысы қайтадан "қызыл аймаққа" өтті. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соның ішінде, Іле ауданында – 28, Талдықорған қаласында - 23, Талғар ауданында – 17, Еңбекшіқазақ ауданында – 12, Қаратал ауданында – 8, Жамбыл, Қарасай аудандарында - 7, Ескелді ауданында - 6, Панфилов ауданында - 5, Алакөл ауданында – 3, Ақсу, Балқаш, Көксу және Сарқан аудандарында - 2, Кербұлақ ауданы мен Текелі қаласында 1 жағдайдан тіркелді. Сондай-ақ, өткен тәулікте 46 адам жазылып шықты.

Соңғы мәлімет бойынша, облыс ауруханаларында 1273 адам ем қабылдауда, 31-нің жағдайы ауыр. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 57,6 пайызға толған. Ауруханалардағы жалпы жатын орындар саны – 2210.

Соңғы 3 күнде 5515 адамның сынамасы ПЦР зертханаларда тексерілді. Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 493 205. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 4079. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 273 321. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2429.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"