Даму жолында

Уақыты: 07.09.2017
Оқылды: 1625

Облыста мемлекеттік қолдаудың арқасында экстремальді туризм дамып келеді. «Рафт–Сервис» ЖШС туристік компаниясы 2005 жылдың мамыр айында сауда компаниясы ретінде құрылып, бір жылдан соң ішкі туризмге көшеді. Содан бері аталмыш саламен айналысуда.

Компания Ішкі туризм қауымдастығына тіркелген. Белсенді көрмелерге де қатысады. Ішкі туризм бойынша көптеген серіктесі бар. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылып, нәтижесінде Шелек өзенінде кемпинг лагерін ұйымдастыру жобасын жүзеге асырды. Негізінен су туризмі, тимбилдинг бойынша қызметтер көрсетеді. Сондай-ақ, пэйнтбол, қыс кезінде шанамен сырғанау сияқты басқа да ойын түрін ұйымдастырып, табиғат аясында сейіл құруға ықпал етеді. Ойындар Іле, Түрген, Шелек, Шарын, Көксу, Қарқара өзендерінде ұйымдастырылады.

«Ұлы Жібек жолындағы Кемпинг лагері экологиялық туризмнің беделін арттыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ, бұл елдің имиджі саналады. Кемпинг лагерінде демалушылар үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Яғни, бұл табиғат аясында саяхат жасаушылар легін ұлғайтуға мүмкіндік береді», – дейді аталмыш серіктестіктің басшысы Сергей Крадинов.

Компания жылдық 14 пайызбен 20 000 000 теңгеге қаржыландырылды, оның 10 пайызын мемлекет субсидиялайды. Бұған қоса кәсіпкер «Даму» қорының кепілдігін алды.

А. БАЙЖҰМАҚЫЗЫ.