ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖҮЛДЕ

Уақыты: 17.07.2023
Оқылды: 747

Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Әлем чемпионатында алғашқы жүлде қоржынға түсті. Әртістік жүзуден ерлер арасында жекелей сында Эдуард Ким қола медаль алды, деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы. Бұл ел тарихында әртістік жүзуден Әлем чемпионатындағы алғашқы жүлде.


17 жастағы Эдуард Ким техникалық бағдарламаның іріктеуінде 180.5634 ұпаймен 5-орын алып, финалға өткен. Ал шешуші кезеңде қазылардан 216.0000 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді. Енді Эдурад  еркін бағдарлама бойынша бақ сынайды.

 Telegram желісіндегі парақшамызға тіркеле кетіңіз!