ДОСТЫҚ АУЫЛЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Уақыты: 13.02.2024
Оқылды: 440

Жетісу облысында халықтың спортпен айналысуына барынша жағдай жасалып келеді. Бұқаралық спортты дамыту және оны жолға қою бағдарламасы да тиянақты жүзеге асуда. Облысымыздағы әр елді-мекенде спорттық кешен бой көтеріп, халық игілігіне берілуде. Жақында ғана Алакөл ауданы Достық ауылында 80 орынды жаңа спорт кешен ашылды.

Жаңадан ашылған 2 қабатты спорт кешеннің аумағы ­- 4595,45 м2. Онда дзюдо, қазақ күресі, еркін және грек-рим күрес залдары, бокс, шағын футбол, волейбол, баскетбол ойнауға болатын әмбебап жәнеде басқа да жаттығу залдары бар. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған кешенде ауыл жасөспірімдері аталған спорттың барлық түрімен айналысатын болады.

- ­Бүгінде аудан тұрғындарына 134 спорттық нысан қызмет көрсетуде. Оның ішінде 2 стадион, 5 спорт кешені, 53 спорт зал, 74 жазғы дене шынықтыруға арналған орын бар. Міне, бүгін Достық ауылында 80 орынды жаңа спорт кешені бой көтеріп, пайдалануға берілді, - деді өзінің құттықтау сөзінде аудан әкімі Алмас Абдинов.

Достық ауылы аудан орталығы Үшарал қаласынан 180 шақырым ашықтықта орналасқан. Халық саны 6735 адамды құрайды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»