Қазақстандық Алина Саркулова Анталиядан екінші алтын медалін жеңіп алды

Уақыты: 19.02.2024
Оқылды: 298

Бүгін Түркияның Анталья қаласында маунтинбайктан Kuzilalan Cup (Қызылалан Кубогы) мәресіне жетті.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған додада кросс-кантри бағдарламасында Алина Саркулова тағы топ жарып, екінші алтын медалін мойнына тақты. Ол кешегі әйелдер арасындағы жарыста да жеңіске жеткен. 

Мұнда тағы бір Ұлттық құрама спортшысы Татьяна Генелева қола медаль иеленді. Кеше Татьяна күміс жүлдегер атанған. Олимпиада бағдарламасына кіретін бұл санатта кеше Алина Спирина үздік бестікті түйіндеді.

Бүгін ерлер арасында Денис Сергиенко 2-орын алды. Кеше ол жүлдеге бір табан жетпей, 4-сатыдан көрінген.

Айта кетейік, Алина Саркулова былтыр 28-29 қаңтарда аралығында өткен Kuzilalan Cup турнирінде 2 мәрте чемпион атанған. Қазір оның осы жарыста қол жеткізген жүлде саны 4 алтынға жетті.

Фото: Спорт комитеті