"Головкиннің ізбасары" титулды айқаста Елеусіновті нокаутқа түсірді

Уақыты: 18.03.2024
Оқылды: 354

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық Дәурен Елеусінов (11-3-1, 10 КО) Нью-Йоркте өткен бокс кешінде жеңілді.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бокс кешінің басты айқасында WBC Continental Americas белбеуі үшін жекпе-жекте ол "Король" лақап атты Каллум Уолшпен (9-0, 7 КО) он раундтық жекпе-жек шыққан. Бұл кездесуде ирландиялық боксшы тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. 

Айта кетейік, Уолштың ісін Геннадий Головкиннің бұрынғы промоутері Том Леффлер жүргізеді. Ол ирландилық боксшыны GGG-дің ізбасары деп атаған болатын. 

Фото: Vesti.kz