WhatsApp-та ерекше функция пайда болады.

Уақыты: 28.03.2023
Оқылды: 892

WABetaInfo порталы WhatsApp-та енді видеохабарламалар жіберу мүмкіндігі бар екенін хабарлады.

Қолданушылар 60 секундқа дейінгі видеолар жазып, жібере алады. Олар шифр арқылы қорғалады, сондықтан тіпті провайдер мен мессенджер қызметкерлері видеоға қол жеткізе алмайды.

Бұл функция алдымен iOS жүйесіндегі гаджеттерге арналған WhatsApp 23.6.0.73 бета нұсқасында болады.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz