Жануарларды аулау. Заң нормалары орындалып жатқан жоқ

Уақыты: 17.05.2023
Оқылды: 1096

Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң қабылданса да, оның нормалары елдің барлық дерлік аймақтарында орындалмайтынын мойындады, деп хабарлады 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz ақпарат агенттігінің дерегіне сүйеніп. 

14 мамырда Қазақстанның үш қаласында жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңның орындалмауына қарсы митингілер болды. Алматыда 400-ден астам тұрғын қаңғыбас жануарлардың санын реттеу, қатыгездік пен заң бұзушылық мәселелеріне назар аударуды талап етті.

Үкімет аясында Зульфия Сүлейменова экология министрлігі заң бойынша саясатты қалыптастыру жөніндегі қызметті үйлестірумен ғана айналысатынын атап өтті.

"Зооқорғаныс ұйымдарында да сұрақтар бар. Олармен тығыз жұмыс істейміз. Бірақ жұмысты ұйымдастыруға жергілікті атқарушы орган жауап береді. Қаңғыбас иттер туралы мәселені көтердік, жергілікті атқарушы органдардан қандай бюджет пен инфрақұрылым бар екенін сұрадық. Бүгінгі таңда баспаналар мен уақытша ұстау пункттерін ұйымдастыруға қаражат жеткіліксіз", – деді министр.

Оның айтуынша, қазір елімізде қаңғысбас жануарларға арналған төрт мемлекеттік баспана бар, тағы 69 баспана ашу қажет. Заңды орындау үшін жергілікті бюджетте жеке бап қарастырылған. Алайда жергілікті атқарушы органдар қаражат бөлмейді, әкімдіктер инфрақұрылым құру бойынша жеткілікті жұмыс жүргізбейді.

"Қадағалау мен бақылауды күшейту мәселесін көтеріп жатырмыз. Мұнда жұмыс, оның ішінде құзыретті органдармен де жүргізіледі. Экология министрлігінің мұнда қадағалау функциясы жоқ. Қаражатты жергілікті бюджеттен іздеу қажет. Бірақ жергілікті бюджетті қалай бөлуге болатынын Экология министрлігі көтермейді", – деп қосты Сүлейменова.

Ол барлық салаларда жағдай әртүрлі екенін атап өтті. Оның пікірінше, Алматы мен Қостанайда бәрі қалыпты. Бірақ Ұлытау облысында бірде-бір баспана, бірде-бір уақытша ұстау пункті жоқ.

"Заңның орындалуын қамтамасыз ету үшін қаражат қажет. Заңнама демеушілік қаражатты тартуға тыйым салмайды. Бұл бөлімде жергілікті атқарушы органдарға демеушілер іздеуде көмек көрсетуге дайынбыз", – деп түйіндеді министр.

2022 жылдың ақпанында жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң күшіне енді, ал шілдеде қараусыз қалған жануарларды аулауды, вакцинациялауды, зарарсыздандыруды және олардың мекендейтін жерлеріне жіберуді реттейтін заңға тәуелді актілер күшіне енді.

Фото: ашық дереккөзден