Тәуелсіз күнді қадірлеу біздің парызымыз!

Уақыты: 28.05.2023
Оқылды: 252

Тәуелсіздік қымбат ұғым. Бұл тақырып қозғалса ойланбайтын пенде кемде-кем. Алдымен тәуелсіздіктің тамыры, «тәуелді» сөзінің мәнін аша білуіміз қажет. Бұған «Адам табиғатынан-ақ тәуелсіз болуға жаралмаған» деген Л.К.Вовенаргтың ой толғауы негіз болып отыр.

Ғаламшардағы елдердің саны 211 болса, олардың 193-і дербес, ал 6-ауын жартылай мойындаған. XVI ғасырға зер салсақ, Батыс Еуропада капиталистік қатынастар дамып, жаңадан ашылған жерлерді жаппай отарлау жүріп жатты. Нәтижесінде құлдық сана қалыптасты. Оларда:  

1. Жекеменшік жер болмайды.

2. Керектіні иесінің рұқсатымен пайдаланады.

3. Саяси құқықпен, басқару істеріне араласа алмайды.

4. Қожайынның бұйрығын орындау керек, оған көнбесе жазаланады.

5. Өз ойын толық жеткізе алмайды.

Тұлғалар халық, халықтан тұтас мемлекет пайда болады. Сондықтан тәуелді пенде болса, бұл тәртіп мемлекетке де тиесілі.  

Ал біздің мемлекетімізге келсек. 1465 жылы Керей мен Жәнібек, «Өзбек хандығынан» бөлініп, «Қазақ хандығын» құрды. Бөліну себебі, Әбілхайыр хан ұлысына қатал тәртіп орнатты. Қысымға ұшыраған қара халық Жетісудың батыс өңіріне қоныстанды. Жығылғанға жұдырық болып, жағасынан қалмақтар, жеңінен қытайлар жұлмалады. Сұрапыл соғыстарға төтеп берген ерлеріміз, еліміздің аспанына күн көтерді. Алайда хандық билік жойылып, губернаторларға бағынды. Яғни Ресей империясының қол астына өтті. Саясаты, ұстанымы, бағыты бірдей болды. Әйтсе де жат жұртқа көз қарасы бөлек еді. Өткен кезеңі қайтадан қайталанды. Қысым, ашаршылық, отаршылдыққа қарсы шығып, үргенге күлген, көтірілгенді көрге итерген заман келді. Сол кездегі «Алаш» деп ұран салғандарға су сеуіп, түтінін қалдырды. Азаттыққа деген соңғы адым 1986 жылдың желтоқсаны. Мәскеудің шешіміне наразылық білдірген жұрт, бейбіт шеруге шықты. Ашынған халықты тоқтату үшін  «Құйын-86» әскери операциясы жүргізілді. Нәтижесінде қатыгездікпен жаншылып, қатал сотпен жазаланды. «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген жала жабылып, қуғын-сүргінге ұшырады. Оқиға байланысты кино-фильм, ән, шығармалар жазылды. Бұның барлығы өскелең ұрпақты, бүгінгі бейбітшілік күнге ата-бабаларымыздың зарымен жеткендігін хабардар ету мақсатында шығарылған. Басты себеп патриоттық сезімді ояту, қымбат ұғымды санамызға сіңіру үшін.  

Бүгінгідей қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған таңға дана саясаткер, тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасына қол жеткіздік. Әр жылдың 16-шы желтоқсанында «Тәуелсіздік мерекесі» тойланады. Биылдан бастан Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл атаулы күнді 25 қазанда тойлауды жөн санады. Бұл да саналы, өскелең ұрпақ сабақтастығы мен кемел келешектің тұтастығы үшін жасалған игі қадам. Жаңа басшы, жаңа реформа, жаңа Қазақстан мәңгілік елдің мәртебесі асқақтата түсетіні анық. Бұл бізге берген батырларымыздың сыйы. Дамыған 30 елдің қатарына кіруге үлкен серпіліс жасалуда. Бодандағы емес, бостандықтағы елміз.

Қорыта келгенде, тарих – тәуелсіздікті қайсар мінезді, өр рухты азаматтар мен қара көздердің қанымен келгенін паш етеді. Сондықтан қолымызда бар асыл қазынаны салмақтап, басымыздағы Тәуелсіз күнді қадірлеу біздің парызымыз!

Данияр АЙНАБЕКҰЛЫ,
Жетісу университетінің білімгері