ЕСІМІ ЕЛДІК ДЕҢГЕЙДЕ ЕЛЕНСЕ

Уақыты: 11.12.2022
Оқылды: 1793
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Иә, желтоқсан дегенде жанымыз түршігіп, денеміз мұздап, жүрегіміз ауырады. 1986 жылы дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан көтерілісін қазақтың сан ғасыр бойғы еркін, азат ел болуға ұмтылған ұлы күресінің шешуші сәті десек те болады. Желтоқсан көтерілісінің маңызын, қоғам және мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің мына сөздерінен аңғаруға болады: «Соңғы жылдары біз көп есейдік. Оң-солымызды танып, халқымыздың өткен жолына үңіле бастадық. Қазақ тарихының ұлы тұлғаларын еске алдық. 30-шы жылдардың жазықсыз құрбандары болғандар оралды. Қайта туып, Наурыз мейрамы келді. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілді. Бақсақ осының барлығын ұйымдастыруға дем беріп, жұрттың көкірек көзін ашып, ұлттық ар-намыс деген қасиеттерді бойына қайта дарыта бастаған 1986 жылғы Алматыда болған Желтоқсан оқиғасы екен. Егер оның дәрістерін Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін баянды етумен ұштастыра білсек, еліміздің қазіргі заманғы прогресс жолында шарықтап алға баса беретіні хақ».

Алматыда болған бас көтеруді еліміздің бірнеше қалаларындағылар қолдап, жастар көшеге шықты. Өскемендегі Ленин атындағы алаңға жиналған студент жастар тергеуге алынып, жазықсыз жазалана бастағанда Сәбира Мұхамеджанова: «Бәріне кінәлі мен. Алаңға мен үгіттеп апардым. Оларды оқудан қумаңдар. Шеруді де мен ұйымдастырдым» деп курстастарын арашалап қалады. Ақырында тоқтаусыз тексерулер, орынсыз қорлау, жала жабу мен тергеуге төзбеген педагогикалық училищесінің 2-курс студенті жатақхананың 5-қабатынан секіріп, мерт болды. Сөйтіп ол Желтоқсан көтерілісінің құрбанына айналды. Өз өлімімен өзгелерге өмір сыйлады. Сәбира Мұхамеджанова туралы алғаш рет жазып, қаршадай қыздың өрлігі мен ерлігін елге танытқан белгілі жазушы Асқар Алтай (Асқар Алпысбаев). Ол 1990 жылдары Алматыдан Жазушылар одағының тапсырмасы бойынша Өскеменге және Сәбираның туған ауылы Тарбағатай ауданындағы Ақмектепке келіп, журналистік зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде «Он алты жаста еді» деген тақырыппен көлемді мақала жазды. Кейін осы мақала бірнеше газет-журнал мен кітапта басылды. Ал қазір барлық жерде жарияланып жүрген марқұмның портреттік фотосуретін жазушы сол кезде батыр қыздың анасынан сұрап алған екен. Осылайша ел Сәбира Мұхамеджанова есімін білді. Былтыр Желтоқсан көтерілісіне 35 жыл толғанда Сәбира Мұхамеджанова ақталды. Биыл жазда мен Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «1986 жылы Өскемен қаласындағы Желтоқсан оқиғасының құрбаны Сәбира Мұхамеджанова өмірінің ақтаңдақтары» тақырыбында магистрлік диссертациямды қорғадым. Бұл – «желтоқсаншы қыз» туралы жазылған алғашқы ғылыми еңбек. Осы жұмысты жазу кезінде Өскемендегі облыстық мұрағаттағы құжаттардан Сәбираның мектепті кілең беске оқығандығы туралы құжатты таптым. Ол Өскемен педагогикалық училищесіне әр өңірден 8-сыныпты бітіріп келген озат оқушыларды емтихансыз қабылдау туралы № 50/а бұйрықпен қабылданған. Оның 8-сыныпты үздік бітіргендігі, сабақты кілең беске оқығаны, зейінді, зерек, талапты оқушы болғаны жайлы деректерді осы бұйрық дәйектеп тұр. Тағы бір мұрағат құжатында Сәбираның өлімінен соң, педучилище комсомол комитеті отырысының 5 қаңтар 1987 жылы жазылған № 23 хаттамасы көрсетілген. Онда оқудан шығаруға ұйғарылған студент жастардың кейбіріне ескерту, кейбіріне сөгіс беріліп, оқуда қалдырылғаны жайында жазылған. Осылайша ол өзінің өмірін қию арқылы курстастарының білім алуына, одан ары өмір сүруіне жол ашты. Сәбира оқыған бұрынғы педучилище, қазіргі Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің мұражайында оның қайтыс болуына байланысты оқудан шығарылғаны туралы құжат – бұйрық бар. 1986 жылы 29 желтоқсанда училище директоры Н. Баранов қол қойған №141/а бұйрықта «2-ШО-3 тобының оқушысы С. Мұхамеджанова қайтыс болғанына байланысты оқудан шығарылды» делінген. Жоғарыда айтылған ресми құжаттар қоғамдағы «Сәбира өлімінің Желтоқсан көтерілісіне еш қатысы жоқ немесе тәртібі нашар болған» деген сынды түрлі теріс көзқарастарды жоққа шығарады. Желтоқсанның қаһарман қызы туралы магистрлік диссертациямды сәтті қорғадым. Алдағы уақытта оны толықтырып, монография етіп құрастыру жоспары бар. Желтоқсаншы қыз туралы сыр әлі толық айтылған жоқ, оны зерттеу енді басталды. Сәбираға құрмет көрсету, еске алуға қатысты шаралар биыл күзде жалғасып, біраз жұмыстар жүзеге асырылды. Қыркүйектің басында Шығыс Қазақстан облыстық «JELTOQSAN 86» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Марат Рамазановтың бастамасымен Зайсан қаласында жаңадан салынған үйлер орналасқан «Заречный» мөлтек ауданының 8-шартты көшесіне Сәбира Мұхамеджанова есімі берілді. Жаңа көшенің ортасына таман алдағы уақытта құрылысы басталатын жаңа зәулім мектептің орны қалдырылған, көше одан ары қарай тауға дейін жалғасады. Жаңа мектеп орналасатын көшеге Желтоқсан батырының есімін беру өскелең жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеудің үздік үлгісі екені сөзсіз. Көшенің ашылуына Тарбағатай ауданынан арнайы Сәбираның туған ағасы Мұратай (шын есімі Мұратхан) келді. Ол: «Мен қатты қуанып тұрмын, бүгін қарындасым тіріліп келгендей күйдемін» деп толқыды. Астана, Алматы, Тараз, Түркістан, Шымкент, Павлодар, Өскемен қалалары мен Тарбағатай, Күршім аудандарынан келген «желтоқсаншылар» жүрекжарды тілектерін айтып, іс-шаражоспары ары қарай республикалық«Желтоқсан жаңғырығы – жүрегімнің жарасы» тақырыбындағытеориялық конференциямен жалғасты. Қазанда Шығыс Қазақстаноблыстық «JELTOQSAN 86» қоғамдық бірлестігінің жетекшісіМарат Рамазанов пен осы бірлестіктің Тарбағатай ауданы бойынша төрағасы Бақыт Қатшабаевтыңұйымдастыруымен Сәбираныңжерлестері мен құрбы-құрдастарыжәне көпшілік бірлесіп, марқұмныңағасы Мұратханға туған ауылы Ақмектептен үй алып берді. Туған жерінде Сәбира мүмкіндігінше құрметтеліп, тағзымету, есте, қалдыру шаралары қолғаалынуда. Дегенмен, ел бойыншаЖелтоқсан көтерілісінің ресмиқұрбаны болып айтылғанымен,әлі де оның есімін біреу білсе,біреу білмейді. 2011 жылы 1 желтоқсанда Желтоқсан көтерілісінің25 жылдығына арналып өткен«Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан»атты халықаралық жыр мүшәйрасында жүлделі орындарданбөлек Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова,Е. Сыпатаев атындағы арнаулыжүлделер тағайындалғанда, СәбираМұхамеджанова аталмай қалды.Қайрат Рысқұлбековке «Халыққаһарманы» атағы берілген. Таразқаласында ескерткіш пен саябақ,Семей қаласында атында мектепбар. Ләззәт Асанова мен ЕрболСыпатаевқа Жаркент қаласыныңорталығында еңселі ескерткіш қойылған. Алматы энергетика жәнебайланыс университетінде ЕрболСыпатаев атындағы оқу залыашылған. Жетісу облысы орталығында Ләззат Асанова және ЕрболСыпатаев көшесі бар. Мектептергеесімдері берілуде. Ал 16 жасындақұрбы-құрдастарын қорғап қалып,өзі ажал құшқан Сәбира Мұхамеджановаға арналған мұндай елдікдеңгейде істер жоқ. «Осыдан бір-екі жыл бұрыноблыстық тіл басқармасына Сәбираның ауылындағы мектепке оныңесімін беру жөнінде хат жазылды.Алайда, олар бұл ұсыныстың республикалық ономастикалық комиссияның мақұлдауынан өтпегенінайтады. Себебі, Сәбира Мұхамеджанова танымал тұлғалар тізіміндежоқ екен. Ел үшін құрбан болғанқайсар қыздың есімінің танымалтұлғалар қатарында аталмауы өтеөкінішті екені анық. Біз мұныментоқтап қалмай жұмыс істей береміз», – дейді Маратбек Рамазанов.Есімі елдік деңгейде еленсе... Иә, желтоқсан дегенде жанымыз түршігіп, денеміз мұздап, жүрегіміз ауырады. 1986 жылы дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан көтерілісін қазақтың сан ғасыр бойғы еркін, азат ел болуға ұмтылған ұлы күресінің шешуші сәті десек те болады. Желтоқсан көтерілісінің маңызын, қоғам және мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің мына сөздерінен аңғаруға болады: «Соңғы жылдары біз көп есейдік. Оң-солымызды танып, халқымыздың өткен жолына үңіле бастадық. Қазақ тарихының ұлы тұлғаларын еске алдық. 30-шы жылдардың жазықсыз құрбандары болғандар оралды. Қайта туып, Наурыз мейрамы келді. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілді. Бақсақ осының барлығын ұйымдастыруға дем беріп, жұрттың көкірек көзін ашып, ұлттық ар-намыс деген қасиеттерді бойына қайта дарыта бастаған 1986 жылғы Алматыда болған Желтоқсан оқиғасы екен. Егер оның дәрістерін Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін баянды етумен ұштастыра білсек, еліміздің қазіргі заманғы прогресс жолында шарықтап алға баса беретіні хақ». Араға 35 жыл салып барып, былтыр ғана ақталған Сәбира Мұхамеджанованың есімі алдағы кездері жалпы елге аян болып, осы уақытқа дейін сең болып қатқан мұз еріп, жадырап -жайнаған жаз келер деген үміт үлкен. Сәбираның есімі ел деңгейінде еленіп, халық батыр қызды білер, біз бұған сенеміз және осы іске атсалысамыз.

Қуаныш ҚАБИДОЛДИН,
Абай атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі
Тарбағатай ауданы
Шығыс Қазақстан облысы