Елдіктің үлгісі, бірліктің белгісі

Уақыты: 11.12.2022
Оқылды: 1861
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Хан батыр Қабанбайдың 330 жылдық мерейтойына орай Жетісудың кіндігі, Талдықорған төрінде тағылымды шара өтті. Оның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына үлес қосқан Жетісу облысы әкімдігіне, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына, «Нақ-Бірлік» қоғамдық қорына алғыс көп айтылды.

Батыр бабаға арналған жиын Талдықорған қаласындағы Қабанбай батыр ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды. Ескерткіш басында зиялы қауым өкілдері сөз еткен тарихи деректер, тебіреністі ойлар жастардың болашаққа деген үмітін үкіледі. «Еңку, еңку жер шалмай, ерлердің ісі бітер ме?» дегендей, осы жерден табылған Талдықорған қаласындағы әскери горнизон сарбаздары жұрт назарын өзіне аударғаны да ерекше сезілді.

Облыс бөлініп, қат-қабат жұмыс жүріп жатқан кезде уақыт тауып, көптің ортасынан, Мәдениет сарайының төрінен табылған Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев: – Қазақ тарихында жауға қарсы бес қаруын асынып, елдің тыныштығы үшін басын бәйгеге тіккен батыр бабаларымыз аз болған жоқ. Солардың бірегейі Қаракерей Қабанбай бабамыз. Ел басына күн туған заманда жаудың қалың қолына қасқайып жалғыз шабар ұлдың шығуы заңдылық. Әйгілі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының: «Қазақта Найман Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін Төле биден асқан би жоқ», – деген сөзі тегін айтылмаған. Атап айтқанда, Аягөз бен Түркістан, Бұланты мен Аңырақай, тағы да басқа шайқастарда өшпес ерлік көрсеткен бабамыздың 100-ден астам жекпе-жекке шығып, қарсыласын жер құштырғаны анық. Сондықтан бар ғұмырын елін қорғап, жерін жаудан азат етуге арнаған қазақтың қол бастаған хас батырларының жанкешті ерлігін ұмытпай, кейінгі ұрпаққа насихаттау біздің басты парызымыз, – деп жұртшылықты жігерлендірді. Бүгінде даңқты қолбасшы Қабанбай батырдың құрметіне Талдықорған мен Үшаралда еңселі ескерткіш орнатылған. Аудан-қалаларда 36 көше мен Алакөл ауданындағы бір ауыл және білім ордасы Қабанбай батырдың атымен аталады. Осы реткі Талдықорған төрінде өткен ғылыми-тәжірибелік конференция мен республикалық ақындар айтысы да жетісулықтардың батырға деген ерекше құрметінің белгісі деуге болады. – 1990 жылдың қараша айында сол кездегі облыс әкімі Сағымбек Тұрсынов 1991 жылды Талдықорған қаласында «Қабанбай батыр жылы» деп атау туралы қаулы қабылдады. Сөйтіп батыр бабамыздың 300 жылдық мерейтойы аясында ақындар айтысы мен ғылыми-танымдық конференция өтіп, Үйгентас жайлауындағы думанды тоймен қорытындыланды. Кеңес одағы кезінде Халық Қаһармандарының аты аталмай қалып еді. Қабанбай батырдың 300 жылдық мерейтойы сол сеңді бұзды. Сол даңқты іс 30 жылдан кейін тағы да Жетісу жерінде жаңғырып отыр, – деді қоғам қайраткері, «Қаракерей Қабанбай» атындағы қоғамдық қордың төрағасы Камал Әбдірахман. Мерейтойға орай ұымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференцияны Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли құттықтау сөзбен ашты. Ары қарай елге белгілі тарихшылар мен сөз зергерлері орамды ойымен бөлісті. Конференцияны Тұрсынбай Ғалинов жүргізсе, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев «Әбілпейіз сұлтан – XVIII ғасырдың ұлы тұлғасы», Қабанбай батыр кесенесінің шырақшысы Камал Әбдірахман «Қабанбай батырға қатысты деректер және тарихнама», Қазақстан тарихшылар қауымдастығының мүшесі, әскери тарихты зерттеуші Қайрат Қарамаңдаев «Қабанбай батырдың соғыс тәсілдері» тақырыбында баяндама оқыды. Жетісудың ақсақалдары Наурыз Қылышбаев пен Аманғазы Шегіров аталы сөзін айтса, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет «Ерасыл» атты өлеңін оқыды. Айта кетерлігі, Қабанбай батырдың 330 жылдық тойы қарсаңында «Сырдария – Шығыс – Жетісу» атты экспедиция ұйымдастырылып, батырға қатысты тың дүниелердің беті ашылды. Талдықорған төріндегі шараға сол экспедицияға қатысқан бірқатар азамат келді. Осы экспедицияны ұйымдастырушы, ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты,қауымдастырылған профессор ҚанатЕңсенов: – Биылғы экспедициядағы еңүлкен жетістігіміз – Қабанбай батыр басшылық еткен, бірақ көмескіболып келе жатқан Үржар-Емілшайқасының нүктесін анықтадық.Әйгілі Аңырақай шайқасы өткенжерді зерттеп, үш жүздің батырларысалған таңбаны кездестірдік. Сондайақ, Мәскеу, Омбы көне мұрағаттарынқарап, Қабанбай батырға, Қазыбекбиге, тағы да хан-сұлтандарға қатысты көптеген деректер таптық. Оларалдағы уақытта ғылыми айналымғатүседі. Ақтаңдақтарды айқындауүшін экспедиция алдағы уақыттажалғасады, – деп қорытты сөзін. Баба рухына арналған айтыскерлердің тартысы да көпшілікті бейжайқалдырмады. Еліміздің әр өңіріненкелген 10 ақын жарты күн бойыМәдениет сарайына жиналған көпшілікке ұлттық өнердің ұлылығынбарынша көрсетуге тырысты. Әрине,ағайынның арасында алтыауыз сөздітауып айтудың өзі оңай емес. Осытұрғыда ақындарға айтар өкпемізболған жоқ. Әрбірі шамасына қарайшауып, өресіне қарай елге ой салды.Бірақ елдіктің үлгісі, ерліктің белгісі,береке мен бірліктің беріктігі асаайтылмады. Жетісудың бас ақыныАйтақын Бұлғақов жүргізуші болып,айтыскер ақын Балғынбек Имашевбастаған қазылар бағалаған сөзсайысында жетісулық жігіттердіңбабы асып, бағы жанды. СоныменҚаракерей Қабанбай батырдың 330жылдық мерейтойындағы ақындарайтысында жетісулық ақын Жандарбек Бұлғақов бас жүлдені (жүлдеқоры 2 млн. теңге) қанжығасына байлады. Қалған ақындарға да ақшалайжүлде табысталды. Талдықорған төріндегі батырбабамызға арналған салтанатты шараосылай өтті.

Қажет АНДАС,
Талдықорған қаласы
Жетісу облысы