ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛАДЫ

Уақыты: 03.02.2023
Оқылды: 1328
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Достық үйінің мәжіліс залында «Жетісу облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» өтті.

Жетісу облысының тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Еділ Зайытбековтің сөзінше тұтынуышлардың құқықтарын қорғау саласында өтініштер артып келеді. Мысалы былтыр департамент көмегімен 100-ден аса өтініш бойынша тұтынушыларға жалпы соммасы  5 414 000 теңге кайтарылған. Шағымдар бойынша алдыңғы қатарда бөлшек сауда саласы тұр. Өтініштердің арасында жиі кездесетіні ­­­­­- сапасыз тауарды жөндеуден, айырбастаудан және қайтарудан бас тарту мәселесі.

– Тұтынушылар өтініштері 25-30%-ға өскенін атап өткен жөн, бұл халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейінің артқанын көрсетеді. Ағымдағы жылы да атқарылар жұмыстар ауқымды. Бағалардың жасанды өсуін қоғамдық ұйымдар арқылы да анықтаймыз. Тұтынушыларды азаматтық белсенділігін арттыру және жауапкершілікке тарту мәселелері қаралып, ортақ жоспар қабылданбақ, ­– деді Еділ Зайытбеков.

Жетісу облысының тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті ұйымдастырған жиында прокуротура, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы, табиғи монополияларды реттеу комитеті мен мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері сөз алып, ұсыныстарын жеткізді.

 

Мәулен Әнербай