ТӘРБИЕЛІ БАЛА-ТӘРБИЕЛІ ҰЛТ

Уақыты: 10.02.2023
Оқылды: 1342
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта  ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет   қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты  даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс  тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан -жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту ел болашағының  басым бағыты болып табылады. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі білім беру саясаты, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуіне байланысты, ең алдымен мектепке дейінгі білім беру жүйесіне бала қабілетін ашатын алғашқы саты ретінде жоғары талаптар қояды және жаңа, тиімді психо – педагогикалық тәсілдер табуды жеделдетуді көздейді.

Типтік бағдарлама білім беру үдерісінің заттық – дамытушылық ортасында жүзеге асырылады және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық және білімдік міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етеді. Бұл бағдарламаның ерекшелігі жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген қолайлы әлеуметтендіру мен шешуші құзіреттіліктерді меңгеруге мүмкіндік беретін ерте жастағы балаларды туғаннан бастап мектепке дейінгі, ересек жасқа дейінгі (мектепалды даярлық) кешенді дамуын қамтамасыз ету. Қазіргі таңда адамзат қоғамында ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын да да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдармалар, технологиялар енгізілуде. Қайта құру және жаңарту жұмыстарын жүргізудің басты себебі әлемдік өркениетке ілесе отырып, елімізді бәсекеге қабілетті елдің қатарына қосу идеясы болып табылады. Бұл күрделі де жауапты мақсатқа қол жеткізу үшін, балабақшада тәрбиеленуші еліміздің болашағы жас ұрпақты білімді және парасатты тұлға етіп тәрбиелеуіміз бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Инновациялық оқыту талаптарына сай балабақшамызда стандарттық оқыту міндеттерінде ұлттық тәрбиені енгізуге негізделген оқыту іс – әрекеттерінде, вариативтік компонент сабақтарында, мерекелік іс – шараларда ұлттық тәрбиеге көңіл бөлінген. Білім беру мен тәрбие үдерістерінде ұлттық құндылықтарымызды қарастырсақ, ерте жастан балаларымыздың ұлттық сана сезімі жетіліп, тұлғалық қасиеттері жан  жақты дамып, жас ұрпаққа әлемдік құндылықтар мен ерекшеліктерді өз тәжірибелеріне кіріктіре меңгеруіне мүмкіндік туғызамыз. Инновациялық қызмет оқыту іс – әрекет түрін дамытуға, тәрбие мәнін тереңдетуге, жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған.

Ертегі балаларды адамгершілікке, ізгілікке, әдептілікке баулиды. Деңгейлік саралау технологиясы арқылы балалардың жас және жеке бас ерекшелігін ескере, ән – жыр үйретемін. «Өлең-жыр – өмір көркі!» деп білген халқымыз ән – күй, өлең – жырды адамның жан дүниесін жаңартып, рухын серпілтетін; мерейін асырып, жігерін тасытатын қасиетті өнер санап, ұрпағын жастайынан өлең - жыр үйретуге баулыған. Ондай баланың үлгі- тағлымы артады, жақсы тамаша мінез – құлығы қалыптасады, тілдік қоры байып, ақындық қабілеті жоғарайды, Отанын сүюге, ата -бабасын ардақтап, зейінді де, зерделі азамат болуға талпындырады.

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, әрі тәрбиелейтін де негізгі іс – әрекет – ойын технологиясы. Өз тәжірбиемде ойын технологиясын қолданғанда, ұлттық тәрбие, салт – дәстүрді үйретуге икемдеп даярлаймын.

Ынтымақтастық педагогикасы – педагогтың талап ету педагогикасынан қарым – қатынас педагогикасына көшуі. Баланы ізгілікке тәрбиелеу, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бөлігі. Әр баланың Мәңгілік Елдің болашағы өздері екенін мойындата, өз Отанына бүгіннен бастап қызмет етуге дайын тұлға ретінде тәрбиелеуге негізделе ұйымдастырылған оқу қызметтері, мерекелік ертеңгіліктер, түрлі іс – шаралар мазмұны мен күтілетін нәтижесі жағынан білім беру мен тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыруға бағыттадым. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі өскелең ұрпақ бойында ұлттық болмыс, ұлттық мәдениет, ұлттық намысты қалыптастыру жобасының өн бойында басшылыққа алынып, балаға тәрбие беріп қана қоймай, бала тілінің мемлекеттік тілде шығып жетілуіне ерекше мән берудемін.

Сонымен қатар, балабақшаларда кеңінен пайдаланатын құралдардың бірі – мультимедиялық оқулықтар. Мультимедиялық оқулықтарды балабақша балаларына арналған таптырмас құрал деуге болады. Өйткені балабқша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырса, екіншіден, зейін қойып көре отырып, түсінбеген жерін қайта көруге мүмкіндігі болады.

Оқытудың әдіс - тәсілдерін таңдап алу тиімді оқытуда табысқа жетуге негіз әрі сабақтың сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға терең білім беру үшін мұғалім әдістердің тақырыпқа сай, оқу материалын тиімді меңгертуге ықпал тигізетіндей түрін таңдау керек және осы әдісті қолдану жолын өзі жақсы білуі керек.

 

Мадина Нұрқасымова, 
Панфилов  ауданы, Пенжім ауылы, «Бөбек» балабақшасының тәрбиеші