ДЗЮДОДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ. ЖЕТІСУЛЫҚ ЖАСТАР ЖАРАДЫ

Уақыты: 18.02.2023
Оқылды: 1555
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Астана қаласында дзюдодан 2006-2007 жылы туған жастар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарысқа еліміздің барлық облыстары және Астана, Шымкент, Алматы қалаларының құрама командаларының сапында 800 -ге жуық балуандар келді.

Осы чемпионат Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа мүшелерін анықтады. Сол себепті, татами үстіндегі әрбір белдесу өте тартысты өтті. Жаңадан жинақталған Ұлттық команда мүшелері Әлем және Азия біріншіліктерінде еліміздің намысын қорғайды. Чемпионатқа жетісулықтар өз алдына команда болып бірінші рет қатысты. Соған қарамастан жерлестеріміз командалық есепте бас жүлдені жеңіп алды.

Жетісу облысының командасының дайындығын республика федерациясының басшылары да ерекше атап өтті. Сонымен жарыс қортындысы бойынша 57 кг салмақ дәрежесінде Жеңіс Нұрай және қыздарарасында 63 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан Сағира Әділ, 70-тен жоғары салмақта Нұршат Кемелханқызы чемпион атанды. Сондай-ақ, жерлестеріміз Асқар Нұрбол, Кира Хегай және Карина Когай жарыс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Енді, алдымызда болатын ірі халықаралық жарыстарда да жерлестерімізге табыс тілейміз.

 

Алуа Оспанжан

Жетісу облысы.