ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА КАРТОП ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫН ЖОҚ

Уақыты: 02.03.2023
Оқылды: 897
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесті. Дәстүрлі басқосуда  жиналған жұртшылықтың ұсы­ныс-тілектерін тыңдап, осыған дейінгі атқарылған жұмыс­тардан есеп берді. Соның ішінде топырағы құнарлы аудандағы егістік жайы басты назарға алынды.

Өңірде дәнді дақылдарды егу алқабы 30 мың гектардан асады. Алайда ауданда бірде-бір тұқым шаруашылығы ашылмаған.

«Шаруашылық» демекші, мұндағы шаруашылықтардың көбі картоп өсіруге бейімделіп келе жатса да ауданда картоп өңдейтін бір де бір кәсіпорын жоқ. Ал шаруалар бүгінде 2,4 мың гектарға картоп егеді.

Осындай түйіткілді әрі бір-біріне керағар мәселелерге тоқталған облыс басшысы аудан атқа мінерлеріне аталған мәселелерді жоспарға енгізіп, тездетіп шешуді тапсырды.

 

Фото: ашық дереккөзден

 

 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ