МОНОҚАЛАДА 200 АППАТТЫ ПӘТЕР БАР

Уақыты: 11.03.2023
Оқылды: 1238
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Текелі қалсындағы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың халықпен кездесуінде апатты үйлердің мәселесі көтерілді.

Қазіргі уақытта қалада 20 апаттық үй немесе 200 апатты пәтер бар. Өткен жылы 9 апатты үйде тұратын тұрғындарды көшіру үшін 54 пәтер сатып алынған. Биыл тағы 104 пәтер сатып алу үшін 874 млн. теңге бөлініпті. Апатты үйлерден тұрғындарды көшіру жұмыстары 2024 жылы аяқталады. Бұл сөзді естігенде қала тұрғындарының қуанышында шек болмады. Барлығы жылы лебіздерін білдіріп, ду қол шапалақтады. 
– Біздің басты мақсатымыз – жұртшылықты апатты тұрғын үйден көшіріп, халыққа таза ауызсу мен көгілдір отын тарту. Міне, осы үш мәселе аз уақыттың ішінде шешілсе, туризм де, экономика да өркендейтіні анық. Тұрғындар да дән риза болады. Сондықтан біз өзекті мәселелерді шешу үшін барымызды саламыз, – деді Бейбіт Исабаев. 

7-su.kz
Сурет ғаламтордан алынды