ҚАЛДЫҚ ҚОЙМАСЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН БАСТАЛМАҒАН

Уақыты: 11.03.2023
Оқылды: 1120
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Текелі қаласындағы іссапарында шаһар басшысы Алмас Әділге қалдық қоймасына қатысты нақты ұсыныс енгізуді тапсырды.

Экологиялық мәселеге келгенде ашынған жұрттың жанайқайы селдей тасиды. Қалдық қоймасынан техникалық минералды түзілімдердің байытылуына технологиялық зерттеулер екінші жылдан бері жүргізіліп келеді, бірнеше сынамалар алынды. Бірақ, ешқандай нәтиже жоқ. Бұл мәселе бойынша аймақ басшысы: «Алмас Қабдұлұлы, компания өзінің ниетін әлі растаған жоқ. Қалдық қоймасын қалпына келтіру басталған жоқ, – деп қала әкіміне осы мәселені шешудің басқа жолын ойластырып, алдағы мамыр айына дейін нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды. 

7-su.kz