"ҰЛЫ БАЛА БАТЫРЫ": ШАВКАТ РАХМОНОВ МАРАПАТТАЛДЫ

Уақыты: 13.03.2023
Оқылды: 704
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов елге оралғаннан кейін "Ұлы бала батыры" төсбелгісімен марапатталды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz дерегіне сүйене отырып хабарлайды.

Марапаттау рәсімін DAR TEAM клубы өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. 

Еске салайық, UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилді жеңген Шавкатты Алматыға келісімен дүйім жұрт болып қарсы алды. 

Бұған дейін отандасымыздың елге оралғанын жазғанбыз.

Фото: ашық көздерден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ