СҰРАНЫСҚА ИЕ  МАМАНДЫҚ 

Уақыты: 18.03.2023
Оқылды: 511
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Елімізде IT мамандарына арналған бос жұмыс орындарының саны жыл сайын өсуде. Қызмет іздеушілер саны көп болғанымен, нарық мамандарға тапшы. Тәжірибелі IT маманын табу үшін, жұмыс берушілер жоғары жалақы төлеуге дайын. 
Жеке құжат, студенттік билет, медициналық анықтама, виртуалды төлем сияқты құжаттардың, цифрлық нұсқалары күннен-күнге қолжетімді әрі өзекті. Тек құжаттар ғана емес, тағам жеткізу қызметі, электро-самокаттар, төлем жасау құралдары тіпті, автобустар IT құралдарымен жұмыс істейді. Ендеше ақпараттық технологиялардың маңызын біліп, оны бағалай алып жүрміз бе?
Экс-министр Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жоғары оқу орындары мен колледждерде IT мамандарын жұмыс тәжірибесі мол практиктер дайындауы керек. Цифрландыру және IT-ге маман дайындау үшін, елімізде көптеген іс-шара өтіп жатыр. Ерекше атап өтетіні «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарлама – жаңа технологияларға негізделген цифрландыру арқылы ашықтық және жеделділікті қалыптастырады. Яғни бұл тек жоспар.  Бұл IT-ге түсетін мамандарға талаптың күшейетінін көрсетеді.  IT сұранысқа ие сала. 2022 жылға сәйкес, осы салаға 3000-нан аса грант бөлінді. Ақпараттық технологияларды еліміздің 17 жоғары оқу орындарында меңгеруге болады. IT мамандығын үйренудегі жастардың белсенділігі артуда. 
– Бұл мамандық менің өмірімнің бір бөлігі. IT өте өзекті әрі қызықты сала, бұл еліміздің цифрлық болашағына үлкен үлес әкеледі. Болашақта даму мүмкіндігі, бірегей жоба жасау мені қызықтырады, – дейді Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті Мадияр Мұқарам.
Ақпараттық технологиялар әлемдік деңгейде дамып жатыр. Бірақ Қазақстанда цифрлық сала енді-енді қанатын кеңге жайып келеді. Біз IT-ге тәуелді болсақ, не істейміз? Ақпараттық технологияларды игеру арқылы, Қазақстанның болашағына мүмкіндік бере аламыз ба? Осы сауалдар ойландырады. 

Дана Ғалым,
ХАТУ студенті
Алматы қаласы