ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ МЕН БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТ САЙЛАУЫ БАСТАЛДЫ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 600
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысында тіркеу қорытындысы бойынша барлығы 538 депутаттыққа кандидат тіркелді. Қазіргі уақытта, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Жетісу облыстық бірмандаттық аумақтық №17 сайлау округінен – 13 кандидат сайлауға түседі.  

Онда: 1 – кандидат  "Аманат" партиясынан, 12 – кандидат өзін-өзі ұсыну арқылы.
Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 5 саяси партияның партиялық тізімі бойынша 58 кандидат сайлауға түседі.  Онда:
"Аманат" партиясы (34 кандидат),
"ҚХП" партиясы (6 кандидат),
"Ауыл" партиясы (8 кандидат), 
"Республика" партиясы (2 кандидат),
"Ақжол" партиясы (8 кандидат)  
Жетісу облысында бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша: облыстық мәслихатқа 16 округ бойынша 52 кандидат; қалалық мәслихаттарға 29 округ бойынша 85 кандидат; аудандық мәслихаттарға 107 округ бойынша 317 кандидат.

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ