САЙЛАУШЫЛАР АРНАЙЫ СЫЙЛЫҚТАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 628
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауына Панфилов ауданындағы сайлау учаскелері тыңғылықты дайындалды.

Сайлау күні таңертең алдымен №319 сайлау учаскесіне келдік. Алғашқы болып келген 30 үлкен, 10 жас сайлаушы арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы С. Ағымовтың айтуынша №319 сайлау учаскесінде жалпы 1422 сайлаушы дауыс бермек. Олардың 10 үйден дауыс береді. Қазір сайлаушылардың дауыс беру қарқыны үстем.

Мырзағали Нұрсейіт,
Панфилов ауданы