30 МЫҢ АТАЛЫҚ ҮЙРЕК: ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ҚҰС АТУ МАУСЫМЫ ҚАШАН АШЫЛАТЫНЫ АЙТЫЛДЫ

Уақыты: 24.03.2023
Оқылды: 1154
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысында көктемгі құс ату маусымы 25 наурыздан бастап ашылады. Қызығы  жылдық мөлшер есебінде 30 мың аталық үйрек атуға рұқсат берілген.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл өңірдегі аң-құс атуға бөлінген лимитті 13 наурызда бекітті.

Аталған құжат 10 күннен кейін заңды күшіне енеді. Жетісу облысына бөлінген жылдық лимит - 30 мың аталық үйрек. Соның 5 пайызы, яғни, 1,5 мың басы көктемгі құс ату маусымына арналған.

Нақтырақ айтқанда, жетісулық аңшылар үйрек атуға тек Наурыз мейрамынан кейін ғана шыға алады.

- Заңсыз құс ату дерегінің алдын алу үшін осылай рейдтік шаралар ұйымдастырып тұрамыз. Қаз-үйрек келе бастағанымен, аңшылық маусымы әлі ашылған жоқ. Сондықтан аңшыларды құс атуға шықпауға және қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, - деді облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Роман Коршунов.

Айта кетейік, заңда бекітілген мерзімнен бұрын үйрек заңсыз атылса шамамен 43 мың теңге айыппұл көзделген.

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ