"Мен жақсы көретін нәрсенің бәрі қазір жоқ": ҚАРТ АНАНЫҢ ХАТЫ

Уақыты: 01.04.2023
Оқылды: 1987
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Мен қарттар үйінде хат жазып отырмын. Онда бүгінгі өмірім туралы айтамын. Жасым 82-де, 4 балам, 11 немерем, 2 шөберем және үйім бар. Бірақ, мен жақсы көретін нәрсенің бәрі қазір жоқ. 

Есесіне бөлмемді тазалайтын, тамақ дайындайтын, төсегімді жинайтын, қан қысымымды тексеріп, өлшейтін адамдар бар. Өкініштісі, немерелерімнің күлкісін ести алмаймын. Тіпті, олардың қалай өсіп, ойнап жүргенінен де бейхабармын.

Маған айына бір немесе үш-төрт айда бір рет келеді, ал кейбіреулеріне ешқашан- да келген емес. Мен енді ұлыма арнап шұлық тоқымаймын, базарға барып, азық-түлік тасымаймын. Балам еттің нанын, кіші немерем ұннан жасалған тәттілерді жақсы көреді. Оны да жасамаймын. 

Уақыттың тез өтуі үшін кесте тігіп, кітап оқимын. Сөйтіп, өзімді алдаймын. Осының бәрі шексіз созылып жатқан уақыттан аздап болса да алшақтатып, түрлі ойдан арылуға көмектеседі.  

Өмірімнің қанша қалғанын да білмеймін, бірақ, мына жалғыздыққа үйрену мүмкін емес. Осыны жан баласы түсінер ме екен?! Өмірімнің қандай да бір мағынасын табу үшін тек еңбек терапиясымен айналысамын. Жағдайы өзімнен де төмен адамдарға қол ұшын беруге талпынамын. Оны қаламасам да істеймін. 
Ал өзіме көмектесетіндерге жабыспауға тырысамын. Өйткені, олар тез ғайып болады. Қысқаша айтқанда, уақыт ұзарып, күн өтпейді. «Неге бұлай, бәрі керісінше болуы керек еді ғой...» деген ойлар түнімен мазалап, тыныштық берген емес.

Бөлмеде жалғыз қалғанда үйдегі өткен өмірімді еске алып, бірнеше сағат бойы фотосуреттерге қараймын. Мұның бәрі өткен күндердегі естеліктер екенін білем. Сонда да балаларым мен немерелерімнің суретін қарауға жұмсайтын күндерім азаяр емес. Уақытымның көп бөлігі осылай өтеді.

Өйткені, өте қатты сағынамын оларды. Іштегі алай-дүлей бұрқасынды ақ қағазға түсіріп, тілмен жеткізу тіпті мүмкін емес секілді. 
Бірақ, бір ғана айтарым бар. Адамдар ата-ана мен отбасының қадірін біліп, бірін-бірі бағаласа екен деймін. Бұл менің қазіргі өкінішті өмірім.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"