Дауылды ескерту: Жетісу облысында үсік

Уақыты: 03.04.2023
Оқылды: 1018
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

"Қазгидромет" синоптиктері 3 сәуірдің күн райы болжамын жариялады.

Бүгін ел аумағының көп бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, сондықтан күн жауын-шашынсыз болады. Тек елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде фронталды бөліктердің өтуіне орай жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнайды.

Республика бойынша оңтүстік – шығыста қатты жел, оңтүстікте - шаңды дауыл тұрады, батыста тұман болады деп күтілуде.

3 сәуірде Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Түнде 2-7 градус үсік сақталады.

Талдықорған қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с. Түнде 4-6 градус үсік сақталады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"
Сурет ғаламтордан алынды