БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ 

Уақыты: 03.04.2023
Оқылды: 1192
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазіргі қоғам білекпен емес, біліммен бәсекелесетін заман. Әр баланың саналы болып өсуі үшін отбасындағы тәрбиемен қатар алатын білімінің сапасына да байланысты. Бүгінгі таңда сан түрлі білім ошақтары бар. таңдау әркімнің өз еркінде. Осы орайда еліміз бойынша «Білім-инновация» лицейлеріне қабылдау емтиханына тіркелу жалғасып жатқанын айтқымыз келеді. 

Елімізде жыл сайын 6-сынып бітірген оқушылар әр бағытта тереңдетіп оқытатын лицей мен зияткерлік мектептерге емтихан тапсырады. Солардың бірі «Білім-инновация» лицейлері (БИЛ). «Білім-инновация» лицейлері (бұрынғы КТЛ) Қазақстанда 1993 жылдан ашыла бастады. Лицей емтиханына елдегі 6-сыныпты бітірген кез  келген оқушы тапсыра алады. Білім мен тәрбиені қатар қоятын мектептерден осы уақытқа дейін көптеген халықаралық олимпиада жүлдегері түлеп ұшты. Олар Қазақстанның дамуы жолында түрлі салада қызмет етіп келеді. Біздің лицей білім мен тәрбиені темірқазығына айналдырған. Адамзаттың екінші ұстазы атанған әл-Фараби дананың: «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» деген қағидасы біздің басты ұстанымымыз. 

БИЛ-да оқығысы келетін оқушылар 2 пән бойынша емтихан тапсырады. Сұрақтар математика-логика беріліп, оқу сауаттылығы пәндері бойынша тест түрінде жазбаша алынады.

Жетісу облысында 22 сәуір күні аудандарда бір лекпен және 30 сәуір күні Талдықорған қаласында оқушылар екі лек бойынша сынақтан өтеді. Бірінші лек емтиханы сағат 10.00-де, ал екінші лек сағ 14.00-де басталады. Емтихан жазу уақыты 100 минут.

Емтиханға тіркеу 1 ақпан мен 15 сәуірге (қоса алғанда) дейін онлайн түрде жүзеге асады.
Үміткердің заңды өкілдері онлайн-форманы және www.bilemtihan.kz сілтеме бойынша қабылдау емтиханына қатысу өтінішін толтырады.
Қабылдау емтиханына қатысу үшін төмендегі құжаттар қажет:

1. Үміткердің ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілінен өтініш  (форма бойынша);
2) туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН (ИИН);
3) фотосурет 3х4.
4) Халықтың әлеуметтік осал тобына жататын бала болса, оны растайтын құжаттардың түпнұсқа мен көшірмелері 

Жалпы айта кетерлік жағдай – мектептің ерекшелігі тек ұл балалардың бөлек оқуы мен жатаханалық тәртіпте ғана емес, ағылышын тілі мен жаратылыс тану бағытының тереңдетіліп оқытылуында. 

 

Толық ақпартты ватсап желісі арқылы 87002244904
Инстаграм желісі арқылы @bil.taldyqorgan ала аласыздар.