Жазылған жайдың жаңғырығы: Төлтаңба ауысты

Уақыты: 04.04.2023
Оқылды: 791
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Естеріңізде болса, «Jetіsý» газетінің 16 наурыздағы №31 нөмірінде «Төлтаңба қашан ауысады?» атты тақырыппен арнайы мақала жарық көрген болатын.

Онда 2022 жылдың 8 маусымынан бері Жетісу өз алдына облыс болып құрылғаны, содан бері сегіз ай өтсе де Талдықорғанның шығаберісіндегі аркада әлі күнге дейін батпандай болып Алматы облысы деген төлтаңба тұрғанын жазған едік.

Осыған орай қалалық әкімдік бұл олқылықты тез арада қолға алып, аркаға Жетісу облысының төлбелгісін қойды. Мақаламызда жазылған дүниені ескеріп, аз уақыттың ішінде қателікті түзеткен жандарға ризашылық білдіреміз.  

Естеріңізге сала кетейік, төлтаңбаны жасау үшін арнайы байқау жариялап, 55 эскиздің ішінен таңдап бекітілді. Оның негізгі нышандарының бірі – шаңырақ, Жетісу жерінің биік таулары, Талдықорған қаласының символы «Жетісу монументі», Ұлы Жібек жолының нышаны керуен көші, жеті өзен, Алакөл, Балқаш көлдерінің айдыны бейнеленген. 

Айдар ҚАЛИЕВ