"Несие осы тізімге сәйкес беріледі": "Дипломмен ауылға" жобасына өтінішті енді онлайн беруге болады

Уақыты: 04.04.2023
Оқылды: 963
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

"Дипломмен ауылға" жобасы аясында қазақстандықтар 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы алуға үміткер бола алады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Отбасы банк" баспасөз қызметі дерегіне сүйеніп хабарлайды. 

Аталған қызметтің мәліметінше, азаматтардың уақытын үнемдеу және мемлекеттік қолдауға ие болу процесін жеделдету үшін "Дипломмен ауылға" жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтар енді өз өтінімін otbasybank.kz порталы арқылы жібере алады.

"Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген, бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіп бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері. Аудан әкімдері мен облыстық маңызы бар қала әкімдіктері осы мамандықтар бойынша талап ететін қызметкерлердің тізімін жасайды. Несие осы тізімге сәйкес беріледі", – делінген хабарламада. 

Фото коллаж: ашық дереккөзден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ