"60 пен 70-ке тезірек толайын десем қолымнан келмейді": белгілі ақын Жазушылар одағы сыйлықты жасқа қарап беріп отырғанын айтып ренжіді

Уақыты: 06.04.2023
Оқылды: 763
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жазушылар одағы басшылығының маған үш жылдан бері “Алаш” әдеби сыйлығын неге бермей жүргеніне таңмын. Үш жылдан бері аударма жанры бойынша кітаптарым Жазушылар одағында жатыр.

Осылай дабыл қаққан ақын, аудармашы Саят Қамшыгер қаламгерлерге жасқа қарап сыйлық үлестіруді тоқтату керек дейді.

"Башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметовтен аударған “Тастамашы, ана!”, “Ертегісіз өткен балалық”, “Көше балалары” кітаптары. Бұл кітаптар көп оқылғандықтан жылда баспадан қайта шығып жатыр. Алғашқы жылы Жүкел Қамайұлы деген ағаң алсын, қоя тұр деген. Одан кейінгі жылы аударма секциясынан өткенімде секретарият сызып тастапты. Енді биыл алдымда алуы тиіс тағы аудармашы ағаларым бар екен. Біреулері жетпіске келіп, енді бірі алпысқа толып жатқан көрінеді… Одақ басшыларының айтуы бойынша “әлі жас екенмін”. Бұйырса биыл 1-мамырда 45 жасқа толамын. 60 пен 70-ке тезірек толайын десем қолымнан келмейді. Сыйлықты жасқа қарап беруді тоқтату керек қой!"

Айта кетерлігі, ақынның әлеуметтік желісінде жарияланған бұл пікірін желі қолданушыларының көбі қолдайтынын айтқан. Тиісінше, ол осы бұл мәселені өзіне бірден сыйлық берсін деп емес, осы уақытқа дейінгі одақ тарапынан болған әділетсіздікті жұрт та білсін деп жазғанын айтқан.

ТАҒЫ ДА ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: "Спектакльге қатысуға құлқым жоқ": Ақберен Елгезек қызметінен кететінін мәлімдеді

 

РЕДАКЦИЯДАН: ҰСЫНЫЛҒАН МАТЕРИАЛ АВТОРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІНЕН АЛЫНЫП БЕРІЛДІ. ЕШ ӨЗГЕРІССІЗ ҰСЫНЫЛҒАН АҚПАРДА АЙТЫЛҒАН ДҮНИЕЛЕР "7-SU.KZ"  ЖЕЛІЛІК БАСЫЛЫМЫНЫҢ КӨЗҚАРАСЫН БІЛДІРМЕЙДІ. АТАЛҒАН ЖАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ АЙЫПТАЛЫП ОТЫРҒАН ҰЙЫМ ТАРАПЫНАН РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕ БОЛСА ЕРКІН ПІКІР АЛАҢЫ РЕТІНДЕ ОНЫ ДА ҰСЫНУҒА ДАЙЫНБЫЗ.

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ