Алмасадам Сәтқалиев: "Қазақстан мұнайы 100 жылға анық жетеді"

Уақыты: 11.04.2023
Оқылды: 844
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Әзербайжан Президентінің Қазақстанға сапары аясында мұнай мәселесінде баса мән берілгенін білесіздер. Оны Қазақстаннан Каспи арқылы Еуропаға тасымалдау мәселесі де өзекті болып отығанға ұқсайды.

Осы ретте "Осыншалықты көрші елдер қызығушылығын туғызатын Қазақстан мұнайы әлі деп көп пе аз ба?" заңды сұраққа салаға жауапты Министр Алмасадам Сәтқалиевтың БАҚ-та жариялана бастаған тосын пікірін ұсынбақпыз

«Алдын ала болжамдар бойынша мұнай 100 жылға анық жетеді. Бірақ бізде перспективалы блоктар бар. Үкімет Мемлекет басшысының қолдауымен жаңа модельдегі келісімшарт дайындады. Ол бойынша жаңа мұнай кеніштеріне барлау жасағандарға салмақты жеңілдіктер ұсынылады. Көптеген компаниялар ол жеңілдікті пайдаланды да. Жеке айтсақ, «Лукойл» сондай келісімшартқа қол қойды

 

«Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің сапары кезінде Баку делегациясы Қазақстанға инвестиция салуға ниет білдірді. Олар көмірсутек көздерін барлау, игеру туралы жаңа мәселелерді көтерді. Қазір энергияға деген сұраныстың артып келе жатқанын ескерсек, ресурс базасын толықтыруға қаражат жұмсауды жалғастыруымыз керек», — деді министр.

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ