АСЫҒЫҢЫЗ. Жетісулық жастарға кәсіп бастау үшін 2,5 пайызбен несие беріле бастады

Уақыты: 17.04.2023
Оқылды: 1155
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Редакциямызға 2023 жылғы наурыз айынан бастап жаңадан кәсіп бастағысы келетін не бар кәсібін кеңейтуге ниетті жастарға 2,5 пайызбен несие беріле бастағаны туралы ресми ақпар келіп түсті.

Біз сізге ресми мәліметті сол күйінде ұсынып отырмыз. Ендеше, қапы қалмаңыз. Танысыңыз.

 

Құрметті Жетісулық жастар «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жастарды шағын несиелеу бағдарламасына қатыса аласыздар!  

Жастарды несиелеу бағдарламасын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырады.
Шағын несие бағдарламасы 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады.


Несиелеу шарттары:
•    Несие сомасы: 5 млн теңгеге дейін
•    Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 2,5%
•    Несие мерзімі: мал шаруашылығын дамытуға – 7 жылға дейін; бизнестің басқа бағыттары үшін – 5 жылға дейін.
•    Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.
Несие кепіл мүлікпен қамтылуы міндетті.  Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.


Өтінім беру үшін құжаттарды "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалына тапсыру қажет. Филиалдардың мекенжайы agrocredit.kz сайтында көрсетілген.

Шағын несие:
•    тұрғын жылжымайтын мүлікті (оның ішінде малшылар үшін уақытша/тұрақты тұрғын үйлерді) сатып алу, салу немесе жөндеу, жер учаскелерін сатып алу (кез келген нысаналы мақсатпен);
•    бағалы қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар);
•    қаруды (оның ішінде қару өндіруге арналған құрамдас бөліктерді), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті өндіру немесе сатып алу;
•    ойын бизнесін ұйымдастыру және (немесе) дамыту;
•    Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған террористік және кез келген өзге де қызметке байланысты қызмет;
•    моторлы көлік құралдарын шығаруды және өз өндірісіндегі жүзімнен шарап өндіруді қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығару;
•    темекі жәненемесе алкоголь өнімдерін сатып алуды көздейтін жобалар;
•    кредиторлық берешекті өтеу;
•    бизнесті жүргізуге байланысты емес жеке тұтынушылық
•    мақсаттардан басқа кез келген мақсатқа беріледі.


Жоба өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, әлеуметтік маңызы бар, өміршең және оның нақты іс-қимыл жоспары болуы керек.

 

Фото: материалға көрнекілікке алынды 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ