Екі әйелдің аяқ киім ұрлағандары видеоға түсіп қалды

Уақыты: 19.04.2023
Оқылды: 602
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорғанда дүкеннен аяқ киімді қолды еткен ұрылар видеокамераға түсіп қалды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтының дерегіне сүйеніп.

Полиция ұрлық жасаған екі әйелді ұстады.

«Аяқ киім бутигінің иесі жазған арыз 16 сәуірде тіркелді. Жәбірленушіге келтірілген залал 32 000 теңгеден асады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалалық полиция қызметкерлері бейнежазбадағы әйелдердің бірін анықтап, ұстады. Ол Қонаев қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Тағы біреуін іздестіру жалғасып жатыр»,- делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу жүргізілуде.

Бақылау камерасынан алынған бейнежазба тергеу материалдарына заттай дәлелдеме ретінде тіркелді.