Қаруды өз еркімен тапсырғандарға ақшалай сыйақы беріледі

Уақыты: 19.04.2023
Оқылды: 653
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

10 сәуірден бастап тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу бойынша акция өткізілуде, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақыға тапсыруға ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша кез келген аумақтық полиция органына жүгіне алады.

Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметінің мәліметінше тапсырылған қаруға материалдық төлемдер сомасы әр бірлік үшін 10 айлық есептік көрсеткіштен бастап 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ақшалай сыйақы төленеді (1 айлық есептік көрсеткіш 3450 тенге құрайды).

Естеріңізге сала кетейік, заңсыз сақталған қаруды, сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктерін өз еркімен тапсырған азаматтар, егер олардың әрекеттерінде өзге құқық бұзушылық құрамы болмаса, жауапкершіліктен босатылады.