Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы – 2023» байқауы аяқталды

Уақыты: 30.04.2023
Оқылды: 1299
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы – 2023» байқауы өтті.

Дәстүрлі түрде өрнек тауып келе жатқан додаға аталмыш орталықтың аудан, қала филиалдарынан 10 үміткер қатысып, өзара бақ сынасты.

Үш кезең бойынша өрбіген байқаудың алғашқы кезеңінде үміткерлер өзін, авторлық бағдарламаларын таныстырды. Екінші кезеңде әдістеме бойынша сұрақтарға жауап берсе, үшінші кезеңде В1 – орта деңгей тыңдаушыларынан құралған топпен сынама сабақ өткізді.

Байқау қорытындысы бойынша 6 қатысушы ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Өз кезегінде көксулық Олжас Қойшыбек 3-орын иегері саналса, ақсулық Балжан Қанатқызы 2-орын, текелілік Бақытгүл Мұқашева 1-орын иегері деп танылды. Ал, үш кезең бойынша өткен додада өзінің біліктілігі мен білімін ерекше таныта білген талдықорғандық Жанар Елесбаева жарыс жеңімпазы деп саналды.

Айта кетерлігі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау «Үздік оқытушы-2023»  Атырау қаласында өтеді деп күтілуде.

АРДА БИ