Ұлттық құрылтай келесі жылы Атырауда өтеді

Уақыты: 17.06.2023
Оқылды: 753
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың "Әділетті Қазақстан – Адал азамат" атты екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Осымен, Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын қорытындылайық. Былтыр Ұлытауда, биыл киелі Түркістанда бас қосып, елдік мәселелерді талқыладық. Ел тарихында айрықша орны бар тағы бір аймақ – Атырау облысы. Ондағы әйгілі Сарайшық қаласында атақты хандарымыз ордасын тіккен. Мен Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын осы шежірелі аймақта өткізуді ұсынамын. Елімізде лайым жақсылық көп болсын!, - деді Президент.