Қызық дерек. Күн сайын жерде 200 мың адам дүниеге келеді

Уақыты: 22.06.2023
Оқылды: 734
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жер – біздің галактикамыздағы ең ерекше планета. Бұл ғаламшарда сан алуан құпия жасырылған. Ғалымдар оны мыңдаған жылдар бойы зерттегенімен, әлі күнге дейін толық түсіне алмады. Дегенмен, біздің планетамыз туралы таң қалдыратын қызықты мәліметтер жетерлік.

Ғалымдардың пайымдауынша жердің бүкіл тарихында 106 миллиардқа жуық адам өмір сүрген. Планетамыздың жасы 4,54 миллирад жыл. Әрбір секунд сайын әлемде 2 адам өледі. Күн сайын ғаламшарда шамамен 200 мың адам дүниеге келеді.

Планетадағы ең құрғақ жер – Құрғақ алқаптар (Мак-Мердо). Бұл шөл далада екі миллион жыл бойы жаңбыр жаумаған. Жердің ядросының температурасы, Күннің температурасымен тең. Ол 5500 градус цельсийді құрайды.

Жер бетінің 70%-ы су. Ал, мұхиттардың 95 пайызы зерттелмеген. Тынық мұхитының көлемі жалпы жер аумағынан үлкен. Тұзды су – әлемдегі барлық судың 97 пайызын құрайды. Әлемде тек 3% су ғана ішуге жарамды.

Эверест тауы планетаның ең биік нүктесі, ал Мариан шұңғымасы ең терең нүктесі болып саналады.

Тағы бір қызығы дүние жүзіндегі барлық өсімдік түрлерінің жартысына жуығы джунглиде өседі. Есесіне мұнда  өсетін ағаштар ештеңеге жарамайды.

Сахара әлемдегі ең үлкен шөл емес. Әлемдегі ең үлкен шөл ол – Антарктида. Дегенмен, Сахараның көлемі өте үлкен және күн сайын үлкеюде. Жыл сайын 5-10 км жылжи отырып, оңтүстікке қарай ұлғайып келеді. Сахара шөліндегі құмды төбелердің биіктігі 160-180 метрге жетеді. Бұл 70 қабатты ғимараттан да биік. Сахараның жансыз болып көрінетін аумағында 500-ге жуық өсімдік түрі өседі.

Нұрила Кариманова,
Ілияс Жансүгіров атындағы ЖУ-дың 
3-курс студенті
Фото: ашық дереккөзден