Өртеніп жатқан көліктен екі адамды құтқарған азамат 2 жылға сотталмақ

Уақыты: 28.06.2023
Оқылды: 1316
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Өртеніп жатқан көліктің ішінен адамдарды құтқарып алған ер адам жазаға тартылмақ, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы «Opennews.kz» ақпарат агенттігінің ақпаратына сүйеніп.

Оқиға 24 маусым күні Астана-Көкшетау бағытындағы тас жолдың бойында болған. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша Exceed TXT автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі Көкшетау қаласы бағытында келе жатып, арақашықтық сақтамай, сол бағытта келе жатқан Daewoo Nexia көлігімен соқтығысқан. 

Соқтығысу нәтижесінде Daewoo Nexia көлігі өртеніп, Exceed көлігін тізгіндеген азамат өртенген көліктің жүргізушісі мен жолаушысына көліктен шығуға көмектескен көрінеді. 

Алайда ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, жол апатына кінәлі деп танылған Exceed көлігінің жүргізушісіне 2 мың АЕК дейін айыппұл салынуы немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы және екі жылға бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.

Фото: бейнедегі кадрдан