ҚЫРАНДАЙ КҮШТІ ҚАНАТТЫ

Уақыты: 23.07.2023
Оқылды: 815
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Мемлекет басшысы «Жастар үшін» деген ұстанымды «Жастармен бірге» ұранына ауыстыру керегін айтқан еді. Өйткені  жастар – жаңашылдықтың жаршысы. Мемлекеттік саясат осылайша жастардың идеясымен, жастардың бастамаларымен көркейе түспек. 


Панфилов ауданы жастарының өңір дамуында өз рөлі бар. ««Jetisý jastary» коммуналдық-мемлекеттік мекемесі филиалы –«Panfilov jastary» КММ-сі жастармен бірнеше бағыт бойынша жұмыс атқаруда. Мұнда бірінші кезекте мемлекетіміздің «Жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру, мемлекеттік бағдарламалар туралы жастарға ақпарат беру, бос уақытын тиімді пайдалануға арналған мәдени, спорттық түрлі шаралар ұйымдастыруды қолға алған. Әсіресе жастардың рухани, мәдени білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен салауатты өмір салтын сақтау, патриоттық тәрбие және басқа да өзекті мәселелерін тиімді шешу, әлеуметтік-экономикалық, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, шығармашылық әлеуетін арттыруға және құқықбұзушылық, экстремизм мен терроризм, суицидтің алдын алуға баса мән берілуде. 

«Panfilov jastary» мекемесі осы күнге дейін 58 аудандық деңгейдегі іс-шара өткізген. Аталған іс-шараларға 5727 жас қатысты. 

Ауданда жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға арналған мәдени, спорттық үйірмелер аз емес. Өңірдегі 408 спорттық үйірмеге 7265 жас тартылған. Сонымен қатар, 149 мәдени үйірмеде 5321 жас өз өнерлерін шыңдайды. Жыл басынан бері бір мәрте бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке барысында 40 бос жұмыс орны ұсынылып, 62 жас жұмыс орындарына жолданды. Осындай нәтижеге аудандық жұмыспен қамту орталығы, округ әкімдіктерімен бірлесіп бос жұмыс орындары жәрмеңкесін үнемі ұйымдастыруы арқылы қол жетіп отыр. Жастар практикасымен 60-ы жұмыспен қамтылды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 25 маман көтерме жәрдем- ақы алды, 25 отбасы баспаналы болды. 

Кәмелетке толмаған жастар арасында «Отбасы – тәрбие ошағы», «Әкеге қарап ұл өсер», «Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыптарында кездесулер, «Жақсылық жасап жарысайық», «Ардагерлерді ардақтайық» қайырымдылық акциялары өткізілді, жасөспірімдер арасында суицидті болдырмау және алдын алу мақсатында, «Өз-өзіңе сенімді бол» құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында АПБ ювеналды полиция тобының мүшелерімен бірлесіп, ақпараттық түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, түнгі рейдтер жүргізілуде.

Орталықта жастар саясатын жүзеге асыруға арналған, яғни жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін іс-шаралар жоспары бекітілген. Мәдени, спорттық, патриоттық, психологиялық, тағы басқа да түрлі бағыттағы шаралар кешенді түрде уақытылы жүзеге асырылып келеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар иммунитетін қалыптастыруымыз қажет», «Жастар және қоғам» атты «дөңгелек үстел», «Күнәлі іске құмартпа», «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан», «Жемқорлықтың соңы–жаза» айдары, «Jetisý» – adaldyq alany» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық парақшаларын таратып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Жастардың патриоттық сезімін арттыру үшін имандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жалғызілікті қарттарға, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық акцияларын, жұмыспен қамту орталығы, округ әкімдіктерімен бірлесіп жұмыссыз жастарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, мемлекеттік бағдарламалар бойынша жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылып келеді. Осындай жанды шаралардың нәтижесінде өңір жастарының қоғамдағы белсенділігі артып келеді. 

Мақсат ЫБРАЙМОЛДАЕВ,
«Panfilov jastary» 
филиалының жетекшісі

Фото: көрнекілік үшін