ОТБАСЫ - МЕМЛЕКЕТ УЫҒЫ

Уақыты: 30.07.2023
Оқылды: 833
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ескелді аудандық әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі, «Дағдарыс орталықтары одағы» Заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Зүлфия Байсақованың қатысуымен кездесу өтті.    


Кездесу барысында ажырасуға себепкер болатын факторлар айтылып,  олардың   алдын алу бойынша бірқатар іс жүргізіліп жатқандығы жеткізілді.  

Жиынға аудандық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері, аудандағы белсенді үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту саласының мамандары қатысты. Қатысушылар әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат, жастардың тәрбиесі және т.б. мәселелер жөнінде пікір білдіріп, ұсыныстарын айтты.

Бұл тұрғыда Астанадан арнайы келген қонақ әр істің шешімі бар екенін, заң арқылы да күрмеулі мәселенің түйінін тарқатуға болатынын айтып, жолын көрсетті. Бұл жиында әлеуметтік салаға қатысты көптеген жаңалықтар, іс пен ұсыныстар сөз болып, келешекке жоспар құрылды. Тақырыптың аясы кең болғандықтан айтылар сөз, отырғандар тарапынан ұсыныс та жеткілікті болды. Ал спикер жиында көтерілген әр мәселені талдап, жіктеп қарайтынын және шешімін дер уақытында беретінін айтты.