"ЖЕТІСУДЫҢ" СЫРТ АЛАҢДАҒЫ ЖЕҢІСІ (+ВИДЕО)

Уақыты: 30.07.2023
Оқылды: 508
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Футболдан ел чемпионатының 17-турында «Жетісу» Атыраудағы «Мұнңайшы» стадионында алаң иелерінен 1:0 есебімен басым түсті. Матчтағы жалғыз голдың авторы ­­­– Нұрбол Нұрберген.


Осының алдында 10-турда Талдықорғандағы Орталық алаңда жетісулықтар «Атыраудан» 0:3 есебімен жеңілген еді. Атыраудағы кезедесуде қос тарап бір-бірін ұзақ аңдысты. Ойынның екінші таймы, 74 минутта қапталдан Асхат Балтабековтың берген пасына Нұрбол Нұрген басын тосып, беларусь Егор Хаткевичтің қақпасына гол салды. Ал ойын соңына қарай «Жетісудағы» серб ойыншысы Анес Рушевич гол салған. Алайда төрешілер ойын сәтін қайта қарау барысында допқа қолдың тигенін көріп, голды есепке алмады.  

Жалпы турнирлік кестеде үзеңгілес келе жатқан қос команданың еншісінде 23 ұпай бар. Доп айырмасымен «Жетісу» 7-орынға жоғарлады, ал "Атырау" 8-орынға сырғыды.