КӨЛІК ҚАҒЫП, ЕКІ АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 30.07.2023
Оқылды: 601
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысында жаяу жүргіншілер жолында екі адамды көлік қағып кетті. Екі адам оқиға орнында көз жұмыды, - деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы. 


Оқиға "Алматы -Өскемен" тас жолының 141 шақырымында болған. Ауди көлігін жүргізген 29 жастағы азамат рөлге ие бола алмай, жаяу жүргіншілер өтетін жерден кетіп бара жатқан екі адамды қағып кеткен. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тергеу басталды. Оның барысында қажетті сараптамалар тағайындала отырып, өлімге әкелген ЖКО-ның барлық мән-жайы анықталады. Автокөлік арнайы автотұраққа орналастырылды, - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.