ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА. ЖЕТІСУЛЫҚ ДЗЮДОШЫ ҚОЛА АЛДЫ

Уақыты: 31.07.2023
Оқылды: 692
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан дүниежүзілік жазғы Универсиадада дзюдодан 100 келі салмақ дәрежесінде күрескен жетісулық Бекарыс Сәдуақас қола медал алды, - деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы. 


Қола медал үшін болған кездесуде Бекарыс француз Кенни Левезді жеңді.

Жетісулық спортшы үшінші орын үшін белдесуге шығу үшін жұбаныш белдесулерінен өтті. Жерлесіміз 1/8 кезеңде бразилиялықты 10:0 есебімен жеңгенімен, келесі айналымда жапониялықтан 0:10 есебімен жеңілген. Ал жұбаныш белдесуде әзірбайжандық дзюдошыдан басым түсті.

Бекарыстың бұл жүлдесі Универсиададағы еліміздің тоғызыншы жүлдесі (4 күміс, 5 қола).