МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ

Уақыты: 31.07.2023
Оқылды: 930
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес  Айтуби ауылдық округі, Көкпекті ауылында жаңа блокты-модульді медициналық пункт ашылды.


Жаңа заманға сай салынған блокты-модульді медициналық пункттің ашылу салтанатына Қаратал ауданының әкімі Ұлан Досымбеков қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтап, ашылған нысан азаматтарға сапалы медициналық көмек беретінін айтты. 

– Құрметті Қаратал ауданының тұрғындары, бүгін ерекше қуанышты күн. Ауыл халқының  денсаулығын нығайту мақсатында жаңа нысан пайдалануға берілді. Ешкім ауырмасын. Науқастанып қалған жағдайда медициналық мекеменің атқаратын рөлі зор, – деді аудан әкімі. 

Бұдан соң салтанатты түрде жаңа ғимараттың лентасы қиылды.

Тұрғындар атынан Абай Құрмашев сөз алып, ауылдың көркеюіне өз үлесін қосып жатқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

Қаратал ауданы